Арнайы педагогтың 2022-2023 оқу жылында атқарған жылдық жұмысы туралы есебі » «№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Арнайы педагогтың 2022-2023 оқу жылында атқарған жылдық жұмысы туралы есебі
29
май
2023

Арнайы педагогтың 2022-2023 оқу жылында атқарған жылдық жұмысы туралы есебі

Арнайы педагогтің 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес

1.Ұйымдастырушылық жұмыс

2.Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау,

3.Оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау

4.Кеңестік-әдістемелік қызмет

5.Өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ұйымдастырушылық жұмыс

1-15 аралығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға терең педагогикалық диагностика жүргізу мақсатында оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар, оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а, 2б), оқушылардың негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің бланкілері дайындалды. Оқу жетістіктерінің бланкілері негізгі пәндердің (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) оқу бағдарламаларының мазмұны негізінде жасалды. Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылып, мамандар құрамы, жылдық жұмыс жоспарлары және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырыстарының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, ата-аналарға кеңесті тіркеу журналы, мектеп мұғалімдеріне кеңесті тіркеу журналы, оқушылардың сабаққа қатысуын тіркеу журналдары бекітілді.

Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау

Арнайы педагогикалық диагностикаға ОПМПК қорытындысы бар 2 оқушы және мектеп мұғалімдерінің сұраныстары бойынша (7-форма) 10 ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы диагностикаға алынды. Барлығы 12 оқушы арнайы педагогикалық диагностикадан өткізілді.

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-логопед, педагог-психолог) оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (форма 2а,б) толтырылды.

Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар (1а, 1б формалары), оқушылардың коммуникативі паспорттары толтырылып, зерттелінді.

Терең арнайы педагогикалық диагностикада оқушылардың негізгі пәндердің оқу бағдарламаларын (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) меңгеру деңгейі анықталды, оқу жетістіктерінің карталары толтырылды. Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқыланды (Әр оқушыға 3-форма, 4-форма, 5-формалары толтырылды).

Оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау

Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзете-дамыту сабақтары жүргізілді. Түзете-дамыту сабақтары екі негізгі пәнді біріктіре отырып өткізілді.

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ереше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары және оқу жетістіктері карталары толтырылды.

Кеңестік-әдістемелік қызмет

2022-2023 оқу жылында 10 мектеп мұғаліміне (Мектеп мұғалімдеріне арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) және 12 ата-анаға  (Ата-аналарға арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық-педагогикалық және әдістемелік кеңестер берілді.

2022-2023 оқу жылының 06 қыркүйегінде ата-аналардан балалары туралы ақпарат алу мақсатында баяндама оқылды. Ата –аналардан балалары туралы ақпарат алу .

2022-2023 оқу жылының 08 қыркүйегінде ата- аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметімен таныстыру бойынша өткізілген жұмыс туралы   баяндама оқылды.

2022-2023 оқу жылының 20 қыркүйегінде ата-аналарға «Өмір бойы есте сақтап қалуы үшін көбейту кестесін балаға қалай үйретуге болады?» тақырыбында баяндама оқылды.

Сонымен қатар, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға оқытудың арнайы және алтернативті әдістері тиімді қолдану жолдары», «Инклюзивті білім беру жағдайында сабақты қысқа мерзімді жоспарлау ерекшеліктері» тақырыптарында презентациялар жасалып, мұғалімдерге ұсынылды, жыл бойы әдістемелік көмек көрсетілді.

Өзін-өзі дамыту

«Болашаққа бағыт» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асыру- заман талабы » атты мақаламды шығардым.

Аудандық  білім бөлімінің ұйымдастырумен өткізілген қалалық семинарда арнайы педагогтар арасында өз тәжірибеммен бөлістім.

"Қазіргі білім берудегі функционалды сауаттылықты арттыру :мүмкіндіктер мен жетістіктер " атты республикалық конференцияға қатысып озық тәжірибе алмасқаны үшін  Құрмет граматасын алдым                                                                                          2022-2023 оқу жылында  Білім бөлімінен  Алғыс хат алдым                                                           Ұсыныс                                                                                                                                    Динамиканың сипатын анықтап, жұмыстың тиімділігін бағалау, сонымен қатар, одан әрі дамуға болжам жасап және әр оқушы үшін болашақ білім беру бағытын белгілеу. Арнайы педагог  кабинетіне оқушының дамуына септігін тигізетін зондтар, көрнекі құралдардың санын арттыру.

Мекен жайымыз
+77283741565 040218 Жетісу облысы, Алакөл ауданы,Қабанбай ауылы,Аблайхан көшесі, № 169 үй

040218 Жетысуская область, Алакольский район, село Кабанбай, ул. Аблайхана, д.169
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "«Мағжан Жұмабаев мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru