Толағай » «№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2023

Толағай

«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 
2022 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында 
«Отбасы- бақыт мекені» республикалық апталық аясында өткізілген
 «Толағай» отбасылар сайысы
Мақсаты:
1.Оқушылар мен ата – аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін бағалы байлық екенін, маңызын түсіндіру.
2.Оқушыларды және ата – аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спротпен айналысуы қажет екендігіне көз жеткізе отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Салауаттану адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: 
Толағай жазуы, плакат, шарлар, спорт энвентарьлары.
Өту барысы:
-Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! Мектебімізде «Отбасы- бақыт мекені» республикалық апталық аясында  өткелі отырған «Толағай» отбасылар сайысына қош   келдіңіздер!   «Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің мектебімізде бастауыш сынып ата-аналары мен балалары арасында өткелі тұр.
  Бүгінгі біздің сайысымызға 4 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Біз бұл отбасыларға сәт сапар тілейміз!
-Жарысқа қатысатындарды шақырамыз 
Әр таңды бақытпенен атырамыз 
Өнерді ой көгінде бақылаңыз, 
Сайысқа қатысуға енді ортаға 
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң 
Отбасыларымызды шақырамыз. 
  1. ____________________________________________________
  2. ____________________________________________________
  3. ____________________________________________________
  4. ____________________________________________________
-Сайыс алдында сайысымызға төрелігін жасап, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысып алған жөн болар. Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
  1. Ашимбаев Б.С – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
                  2. Ибраимова Б.И  – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  1. Кабидолда Б.А – дене шынықтыру пәні мұғалімі.
-Ал, енді сөз кезегін ойыншыларымызға ұсынсақ, өздері жайлы қысқаша мағлұмат беріп, таныстырып кетсе. Сайыс алдындағы көңіл-күйлеріңіз? Сайыс алдындағы, жалпы жарыс кезіндегі ұстанымдарыңызды, шабыт берер ұранды сөздеріңізді айтып және өзге отбасыларға сәттілік тілеп кетсеңіздер де болады.
-Бүгінгі спорттық сайысымыз 5 турдан тұрады.
                                             1. «Таяқшамен жүгіру»
                                             2. «Кедергілер алаңы»
                                             3. «Допты алып жүру, себетке лақтыру» 
                                             4. «Кенгуру»
                                             5. «Арқан тартыс»
-Турларымыздың ережесін сайыс барысында ретімен түсіндіріп, хабарлап отыратын боламыз, мұқият болыңыздар. Себебі сайыс барысында қателіктер, жаттығуды толық, дұрыс орындалмау назарға алынады. Сайысымызда көмекшілеріміз бар. Осы кісілермен таныстырып кетсек:
Бұл кісілер сіздердің уақыт жылдамдықтарыңызды алып, сіздердің ережені дұрыс түсінулеріңізді қамтамасыз етіп, көмектесіп отырады.
Негізгі кезең. Сайыстар:
-Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па?
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.
Сәт сапар, сайысымызды бастаймыз! 
Қорытындылау кезеңі:
-Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады 
Осымен спортық сайыстарымыз аяқталды, әділ қазылар қортындысын шығарып берсе.
Әділ қазылар қорытынды шығарып болғанша сіздерден сайыстан алған әсерлеріңізді білсек, және қандай жаттығулар сіздерге ұнады, қаншалықты қиын болды?
-Әділ-қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!  
Сайыс қорытындысы: 
І орын-_____________________________________________________________
ІІ орын_____________________________________________________________
ІІІ орын____________________________________________________________
ІІІ орын____________________________________________________________
Мараппаттау рәсімі. 
Біз қазақпыз, 
Ел үшін атқа мінген. 
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген, 
Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын, 
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген 
Бүгін сайысымызға алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!
«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 
2022 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында 
«Отбасы- бақыт мекені» республикалық апталық аясында өткізілген
Мекен жайымыз
+77283741565 040218 Жетісу облысы, Алакөл ауданы,Қабанбай ауылы,Аблайхан көшесі, № 169 үй

040218 Жетысуская область, Алакольский район, село Кабанбай, ул. Аблайхана, д.169
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "«Мағжан Жұмабаев мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru