Қамқошылық кеңес есебі » «№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2018

Қамқошылық кеңес есебі

«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылындағы  «Қамқоршылық кеңесінің» 1- ші жарты жылдық  жұмыстарының   есебі
«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
 коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы, «Білім туралы»  2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес  білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру туралы  үлгілік қағидаттарын негізге ала отырып, 07.09.2017 жылы № 227 бұйрығы негізінде «Қамқоршылық кеңесі» құрылды. 
   «№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
 коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   31  тамыз  2021 жылы Қамқоршылық  кеңес   отырысы  өтті.   Отырысқа   мектеп директоры, ТІЖорынбасары, қамқоршылық кеңесінің төрағасы ,  мүшелері  қатысты.  Отырыстың  күн   тәртібінде  үш  мәселе қаралды:
1. Қамқоршылық   кеңес   мүшелерін  сайлау , кеңестің   ережесін, мақсат – міндеттерін,    жылдық   жоспарын  жоспарлау, жұмысын  ұйымдастыру    туралы.
2. Тұрмыстық   жағдайы  төмен  аз қамтылған,    көп балалы,   жартылай жетім ,  толық  жетім   және  қамқоршылықтағы  оқушыларға   әлеуметтік  карта   жасау , әлеуметтік   жағдайын    анықтау,  тізімін  бекіттіру   туралы. 
3. «Жалпыға бірдей   міндетті  білім беру»  қорынан тегін материалдық   көмек  , тегін ыстық  тамақпен   қамтамасыз    етілуін,  сондай – ақ   қамқоршылық   кеңестің   ұсыныстары   туралы   мәселелер   қаралды.                                                                                                                                                                
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы   Ж.С. Мұсағалиев сөз алып,   «Қамқоршылық   кеңесі»    мүшелеріне  Қазақстан  Республикасы   Білім  және ғылым  министірінің   2017 жылғы  27 шілдедегі № 355  бұйрығына  Алакөл аудандық  білім   бөлімінің 27.08.2021 жылғы № 340- Ө бұйрығына сәйкес ,мектеп  директорының «Қамқоршылық  кеңесін»   құру  туралы 01.09.2021  жылғы   № 136-ө бұйрығы  шығарылып, 2021-2022 оқу – жылында   мектептегі « Қамқоршылық  кеңесі»  төмендегідей   құрамда  құрылды  деп, кеңес   мүшелерінің тізіміне   тоқталды.
  1. Мусагалиев Жумабай   Сапаргалиевич – төрағасы , зейнеткер 
  2. Букабаева   Жанаргуль  Тюлюбаевна –  кіші   кәсіпкер
  3. Азимжанова  Анар –  ауылдық   каз   почта  қызметкері 
  4. Бурганова   Диана  Хамитовна –  жұмыссыз
  5. Елеусизова  Гульжан – Үйгентас  орман шаруашылығы 
  6. Манкаева   Бакытгуль  - жұмыссыз
  7. Базарбаева   Салтанат - № 3ҚОМ –де  мұғалім 
  8. Куздеуова  Алия -  жұмыссыз
  9. Аштаева  Алтынгуль – КМФ несие жөніндегі   кеңесшісі 
  10.  Батырбекова Перизат –  № 3ҚОМ  - де   әлеуметтік  педогог  деп  , жеке –жеке  таныстырды. 
   Қамқоршылық    кеңес   міндетінің  бірі -  мектепке    демеушілік    және  қайырымдылық   көмек   түрінде  бюджеттен   тыс қаржы тарту  болып  табылатыны   туралы  айтты. Сондай –ақ     Қамқоршылық    кеңестің      жылдық    жұмыс    жоспарымен      таныстырды.   Оқушылардың   жаңа   оқу жылына  дайындық    кезеңінде , әлеуметтік     себептерге  байланысты   мектепке бармай қалуын  алдын -   алу    мақсатында  01 тамыз    -  30 қыркүйек   айлары    аралығында      «Мектепке  жол»   қайырымдылық   акциясы   өткізілді. Акция   әлеуметтік    бағыттағы  «Балаға   мейірім    сыйла » атты  ұранмен    ұйымдастырылды.  Осы  ауқымды іс-шараға бұйрық шығарылып, жоспары бекітілді. Бұл  акцияның  мақсаттары мен міндеттері туралы  халықты  ақпараттандыру, ауылымыздың көпшілік жерлеріне үндеу хаттар түрінде бұрыштар құрылып, шаруашылық қожалықтар мен ұйымдарға осы акцияға қатысу туралы үндеу шығарылып, таратылғандығы туралы  айтты.
     Мектеп  оқушылары  туралы   мәліметтер электронды және  қағаз  жүзінде   жиналып,  әлеуметтік   паспорты жасалып,  отбасының    тұрмыстық   әлеуметтік  жағдайы   анықталды. Анықтай  келе,  көп балалы   бала  саны 96,  отбасы    саны  56, аз  қамтылған   бала  саны  39, отбасы   саны 24, жартылай жетім бала саны   11, отбасы 10, толық  жетім  бала саны 3, отбасы 3, мүгедек  бала саны 2, отбасы саны 2  болып, тізімдері  анықталып,   бекіттірілді. АСП - алатын   25  оқушы , отбасы 13, оның ішінде көп балалы 14, аз қамтылған 11 оқушы   анықталды. Сондай – ақ   өгей әкемен тұратын 3 оқушы    және  туған - туысқандарының   үйінде   тұратын  9  оқушы анықталып   тізімі   жасалды. Мектепшілік  есепте  тұрған   2 оқушы  оқушының  тізімі    қайта   қаралып, бақылауға   алынды.                                                                                                   
    Жалпыға   бірдей  міндетті   білім   беру қорынан  материалдық  көмек көрсетуді  ұйымдастыру   туралы   мектеп  директорының   №189/1-ө   08.09.2021 жылғы  бұйрығы    негізінде   27 оқушыға  материалдық    көмек   ұйымдастырылып,   жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан   тегін ыстық тамақ   ұйымдастыру   туралы   мектеп директорының   № 140/10-ө 01.09.2021 жылғы   бұйрығы    негізінде   55  оқушы тегін ыстық тамақпен   қамтамасыз етілді.
      Сондай –ақ   жалпыға бірдей міндетті білім беру  қорынан   тегін ыстық тамақ   ұйымдастыру   туралы   мектеп директорының   № 238-1-ө   01.11.2021 жылғы   бұйрығы   негізінде   70  оқушы тегін ыстық тамақпен   қамтамасыз етілді.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы   Ж.С. Мұсағалиев   пен   мүшелері   аз  қамтылған   кейбір    отбасылардың     балалары   ыстық    тамаққа,   материалдық  көмекке    мұқтаж болғандықтан   ата –аналары  өтініш   беріп отыр.   Өйткені  тұрақты   жұмыстары  жоқ , жалдамалы   жұмыстың    жалақысы   жетіспейді,  дәлелдеме   құжаттары   жоқ . Сол  себепті    акт  қаралып, зерттеліп, ата –ананың  өтінішін  ескере   отырып , қамқоршылық   кеңестен  2 а сынып   оушысы Жұмағазы   Кәусар, 3 б сынып   оқушысы Жұмағазы  Ақнұр, 4 б сынып   оушысы   Чирмолда  Жанерке , 5 а сынып   оушысы  Ерғали    Аруна , 5 б сынып   оқушысы  Досмағұл    Ерасыл  осы  аталған   оқушылар  тегін  ыстық  тамақ   тізіміне  ұсынылды . 
Жалпыға бірдей міндетті білім беру  қорынан   тегін ыстық тамақты   ұйымдастыру   туралы   мектеп директорының   № 238-1-ө   01.11.2021 жылғы   бұйрығы   негізінде   70  оқушы тегін ыстық тамақпен   қамтамасыз етіліп, қамқоршылық  кеңестен    жалғызбасты  ана, анасының  тұрақты   жұмысы жоқ,  жалдамалы   жұмыстың    жалақысы   жетіспейді,  дәлелдеме   құжаттары   жоқ  болғандықтан,     7Б сынып оқушысы   Кошаева   Жадыраны   тегін  ыстық  тамақ   тізіміне   ұсынды . 5 а сынып   оушысы  Ерғали    Аруна , 5 б сынып   оқушысы  Досмағұл    Ерасыл  осы  аталған   оқушылар   басқа    мектепке  ауысуына   байланысты   тегін  ыстық  тамақ   тізімінен  алынды . 
    Сондай – ақ 5 б сынып   оқушысы  Нұрғас    Досбол, 7 б сынып   оқушысы  Аяқпай    Әлім   материалдық   көмекке    мұқтаж  оқушылар  ретінде   анықталып,   тізімге  ұсынылды. Аталған оқушыларға  «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» қорынан көмек беруді  ұсынды.«Қамқоршылық  кеңесі »  отырысында    қаралып , бір  ауыздан   келісіп,   хаттама  толтырылды.
Осы  мәселе бойынша  атқарылған   жұмыстардың  есебі  : 
    «Жалпыға бірдей міндетті білім беру»  қорынан   70   оқушы  тегін    ыстық  тамақпен  қамтамасыз     етілді.  «Жалпыға бірдей  міндетті   білім беру»  қоры  қаражатынан   материалдық   көмекке (киімге)   өтініш  берген 27     (аз қамтылған, жартылай  жетім, көп балалы  отбасында  тәрбиеленіп   жатқан  ) оқушыларға   материалдық   көмек  берілгендігі  туралы    акт   толтырылды.  Яғни 11 қыз балаға  қыстық    етік , 16 ұл  балаға    қыстық    етік, жалпы  соммасы 270 ,000  мың тенгеге,   11 қыз балаға  қыстық   куртка ,   16 ұл  балаға  қыстық    куртка ,   жалпы  соммасы 405,000 мың   тенге    болатын материалдық   көмек   көрсетілді.   Ата-аналары  шақырылып,  11   қызға  , 16 ұлға   берілгенін    растап,  ЖБМОББ қоры  қаражатының   игерілуін  бақылау   комиссиясы    мүшелері  қолдарын  қойды.
     Мектебіміз  бойынша   қамқорлықтағы  толық  жетім   отбасынан  11 б - сынып оқушысы  Мешел  Анель,     10 а – сынып оқушысы    Егинбаев  Қасымжомарт    «Жалпыға бірдей міндетті білім беру » қорынан тегін  материалдық   көмек    алды.  
      Сондай – ақ  ауылымыздың    тұрғыны   демеушілік  көрсеткен   Батырханова  Әлия  Сулейменовна   11 б  сынып  оқушысы   Мишель   Анельге  куртка   , етік алып берді.   Мектебімзде   оқушыларға  мұғалімдер   арасында да  демеушілік көрсеткен  , қайырымды   жандар  да бар екенін айта кеткім  келеді .  Аудандық   шыршаның   онлайн өтуіне байланысты  10А сынып   оқушысы толық  жетім   Егинбаев  Қасымжомарт  пен     10Б сынып оқушысы  ж/жетім  Жанат Арманай   аудан әкімінің  онлайн  құттықтауына   қатысып , сыйлықтарға  ие  болды.                                                                       
    Ай сайын  жетім   және ата – ананың   қамқорлығынсыз  қалған , қамқоршылық  қорғаншылықтағы  толық   жетім оқушылардың  үйлеріне   барып,   сұхбаттасып тұрғын  үй -  тұрмыстық    жағдайларын  тексеріп  - қарау    актісін  толтырып, ,есебін  алынды. Бала   құқықтары  орындалуы  тексеріліп, атында  мүлкі   бар   немесе  жоқтығы    туралы  есебі  алынып, білім  бөліміне    қағаз  жүзінде   жіберілді.
    Сондай – ақ  әлеуметтік   жағдайы   төмен  отбасылар, аз қамтылған, көп балалы , жартылай жетім   отбасыларының  үй – тұрмыстық жай – күйі  тексеріліп, акт  толтырылып,   кеңестер  берілді.
    Мектеп   асханасын  жалдаушылар  тарапынан   келісім  шарт  құра отырып , оқушыларды  тегін   ыстық   тамақпен  қамтамасыз   етілуі  қадағаланды.
             Әлеуметтік   педогог:                                      Г. Жаманкулова
Мекен жайымыз
+77283741565 040218 Жетісу облысы, Алакөл ауданы,Қабанбай ауылы,Аблайхан көшесі, № 169 үй

040218 Жетысуская область, Алакольский район, село Кабанбай, ул. Аблайхана, д.169
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "«Мағжан Жұмабаев мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru